Мектеп жарғысы


Image

1. Жалпы ережелері 1.1 «Советскаяның бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі білім қызметін жүзеге асыру үшін заңды тұлға мәртебесіне ие болған комерциялық емес ұйым болып табылады. 1.2. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі болып табылады. 1.3.Мемлекеттік мекеменің басқару органы «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Білім бөлімінің»мемлекеттік мекемесі болып табылады. 1.4.Мемлекеттік мекеме заңды тұлға ретінде өз қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңдарына,осы жарғыға,мемлекеттік басқару органының шешіміне сенім артады. 1.5.Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мақсаты: - білім аумағында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; - жеке тұлғаның дамуы және кәсіби қалыптастырылуының, жалпы адамдық және ұлттық құндылығы,ғылыми және іс-тәжірибе жетістіктерін қалыптастыруы негізінде білім алу үшін қажетті жағдай жасау. 1.6.Мемлекеттік мекеме қызметінің негізі: - білім қызметін жүзеге асыру 1.7.Заңды ұйымның атауы: Мемлекеттік мекеме «Советскаяның бастауыш мектебі». 1.8.Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері:Солтүстік Қазақстан облысы ,Есіл ауданы ,Корнеевка селолық округы,Советское селосы,индексі 150509 Ворошилов көшесі 1. 1.9.Кеңес (ғылыми кеңесі),қорғаншылық кеңес, педогогикалық, әдістемелік(оқу – әдістемелік, ғылыми - әдістемелік) басқарудың алқа органдарын қыруға құқылы. 1.10. Мемлекеттік мекеме оқушыларға және мектепке дейінгі балаларға алғашқы (дәрігерге дейінгі )методико-санитарлық көмек бере алады. 2.Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі. 2.1.Мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығына иемденеді. 2.2.Мемлекеттік мекеме мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөрге және мөртаңбаға ие болады. 2.3.Мемлекеттік мекеме белгілі тәртіппен мемлекеттік жеке меншікті иелену,пайдалану және өкім ету құқығын табыс еткен мекемелерді қоспағанда басқа заңды тұлғаларға құрылтайшы(қатысушы )бола алмайды. 2.4.Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттімелері бойынша оның иелігіндегі ақша қаражаттарына жауап береді.Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелеріне «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі жауап береді. 2.5.Мемлекеттік мекеме жасаған азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының өкіметі анықтаған тәртіппен тіркелуі тиіс. 3.Білім үдерісінің мақсаты,міндеті және қызметі. 3.1.Мемлекеттік мекемеде білім беру жалпы білім беретін бағдарламамен мемлекеттік білім беру деңгейінде жүзеге асырылады. - мемлекеттік мекеме негізгі орта білім берудің оқу бағдарламасын іске асырады; 3.2. «Мемлекеттік мекеменің »міндеттері: - әр оқушының жеке-тұлғалық бейімділігін, қабілетін және дарындылығын анықтау, дамыту және өзін-өзі дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау. 3.3. Мемлекеттік мекеменің мақсатының басым міндеттері болып бабылады: - білім беретін бағдарламаларды меңгеру үшін жағдайлар жасау; - жеке тұлғаның рухани, шығармашылық және дене тәрбиесін дамыту; - құқықтылықтың және салауатты өмір сүру салтының берік негіздерін қалыптастыру, дербес ой-өрісінің дамуы үшін жағдай жасау; - отансүйгіштікке және азаматтылыққа, Қазақстан Республикасына – өз Отанына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституция және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу; - республиканың қоғамдық – саяси, экономиқалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; - әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне бейімдеу, тарихты, қазақ және республикада тұратын басқа ұлттардың салт-дәстүрін зерделеу, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру; 3.4. Мемлекеттік мекеменің қызметі: - Мектепшілік тәртіпті нығайту және әзірлеу; - Жұмыс оқу жоспары мен бағдарламаны, оқу процессінің күнтізбелік кестесін әзірлеу, бекіту; - Білім алушылар құрамын қалыптастыру; - Оқу – тәрбие үдерісін нұсқаулармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және толық жетілдіру; - Білім алушылардың ағымды білім сапасын, аралық және қорытынды аттестациямен тексеру; - Мөлшерге және талапқа сәйкес мемлекеттік мекемені материалдық- техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету; - қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілгендей жеке тұлғаларға қосымша жеңілдік, материалдық көмек көрсету; - құрылтайшыға және мүдделіге келіп түскен қор қаржысының өсуі мен жұмсалуына есеп беру; 3.5. Білім үдерісінің мақсаттары: - нарықтық экономика заманында еркін әрекет жасай алатын тұлғаны қалыптастыруға жағдай жасау; - оқушылардың негізгі білім алу мүмкіндігі мен жеке мүмкіндігін дамытуына көмек көрсету; гуманитарлық, жаратылыстану, экономикалық ғылымдарының негізін меңгеруге, білім алуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру; - оқушыларға рухани салада және дене мүшелерінің дамуына мүмкіндік жасау, мәдениетке баулу; - өз күшіне сенушілік пен жағымды қасиеттерді тәрбиелеу; - оқыту мен тәрбиенің озық әдістерін айқындау, игеру және әзірлеу. 4.Ағымдағы білімді қадағалау жүйесі,оқушылардың аралық аттестациялануы және оларды өткізу формалары мен тәртібі. 4.1 Оқушыларды сыныптан- сыныпқа көшіру жылдың соңындағы қорытынды қанағаттанарлық деген бағамен жүзеге асырады.Кейбір жағдайда педогогикалық кеңестің қаулысымен қанағаттанарлықсыз деген бағамен де көшіріледі.Мектепте білім деңгейі ұпаймен 5 « үздік », 4 «жақсы », 3 «қанағаттанарлық », 2 «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады. - Оқушылардың білімін жүйелі түрде тексеру,аралық аттестациялау , ұлттық бірыңғай тестілеу, аралық мемлекеттік бақылау , бақылау жұмыстары; сынақтар, көшіру емтихандары арқылы өткізіледі.Олардың тізбесі мектептің педогогикалық кеңесімен бекітіледі; - жыл соңында қорытынды баға емтихандардың нәтижесімен, бақылау жұмысы немесе сынақтар бойынша қойылады; -оқу жылының аяғында «Бұйрықтар» және «Қазақстан Республикасының білім мекемелерінің түлектеріне қорытынды аттестациялау және көшіру тәртібі туралы нұсқаулық – әдістеме хаттар» қолданылады. 5.Мемлекеттік мекемеге оқушыларды қабылдау тәртібі 5.1 Мемлекеттік мекеме 1-ші,2-ші сатылы мектептен тұрады.Мектеп алды дайындық тобына 1-ші қыркүйекке дейін сол жылдың 5-ке немесе 6-ға толған ал 1-ші сыныпқа, 1-ші қыркүйекке дейін сол жылдың 6 жасқа немесе 7 жасқа толған бала алынады. 5.2.Мемлекеттік мекемеге балаларды қабылдауға қажет құжаттар - 1-ші сыныпқа берілген өтініш негізінде медициналық анықтамасы,туу туралы куәліктің көшірмесі болу керек; - 2-ші сатылы сыныптарға арыздар бойынша алынады - медициналық карточка - туу туралы табель, бекіту талоны жеке іс парағы( егер оқушы басқа мектептен келсе)қоса беріледі. 5.3Мемлекеттік мекемеге оқуға түсуі туралы арыз директордың атына ата-анасы,немесе олардың орындағы адам жазады. 6. Оқу – тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы 6.1. Мемлекеттік мекеменің оқу-тәрбие жұмысы оқу жоспарымен және бағдарламасымен, жалпы білім беру стандартының негізінде жүзеге асырылады. Оқыту тілі: орыс тілі. 6.2. Оқу барысы мемлекеттік мекемеде келесі түрде жүргізіледі:күндізгі түрде. 6.3. Сабақ кестесін мемлекеттік мекеменің меңгерушісі құрастырады және бекітеді. Күн бойындағы сабақтардың жүйелілігі, олардың апта күндеріне бөлінуі және сабақ аралығындағы үзілістер мемлекеттік мекеме меңгерушісі бекіткен сабақ кестесіне сай жасалынады. Мектеп әкімшілігі сабақ кестесін жасаған кезде педагогикалық мақсатқа сәйкес талаптармен, санитарлық қалыппен, оқушылар мен мұғалімдердің уақытын үнемдеу мақсатында басшылыққа алады. 6.4. Мемлекеттік мекемеде оқу жылы 34 оқу аптасынан тұрады, сабақтың ұзақтылығы 45 минутқа созылады. 6.5. Мектепте тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес жүзеге асырылады. 6.6. Мемлекеттік мекеме қазақ тілінің білімі мен дамуын мемлекеттік тіл ретінде қамтамасыз етеді және мемлекеттік жалпы білім стандартына сәйкес орыс тілін оқытады. 7. Ақылы білім беру қызметінің тәртібі және тізбесі. 7.1. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік стандарттан басқа оқушыларға қосымша ақылы білім беруге құқылы. 7.2. Ақылы білім беру қызметі арнайы оқу жоспары бойынша облыстық білім департаменті мен аудандық білім беру бөлімінің келісімімен жүзеге асырылады. 7.3. Ақылы білім беру оқушыларға ата-анасының және олардың орнындағы адамдардың қалауымен, бөлек кесте бойынша ата-ана мен мемлекеттік мекеменің арасындағы жасалған келісім шарт арқылы іске асырылады. 7.4. Қосымша білім қызметінің ақысы, сағатына және мұғалімдердің санына, біліктілігіне байланысты, қызмет көрсетуші персоналдың арнайы бірыңғай тарифтік кесте бойынша және оқу-әдістемелік құралдар мен жабдықтардан шаруашылыққа қажетті шығымдар бойынша төленеді. 7.5. Ақылы қызметті іске асырудан келіп түскен қаржылар, тікелей мемлекеттік мекеменің «Ақылы қаржы қызметі» есеп-шотына түседі, қаржы тікелей басшының нақты шешімімен керекті мақсат бойынша қатаң жұмсалады. 7.6. Ақылы қызметтен түскен қаражатқа есеп беру мен тіркеу Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің нормативтік құжаттарына сәйкес орындалады. 8. Оқушылардың құқығы мен міндеттері. 8.1. Мемлекеттік мекеменің оқушыларының міндеттері: - ішкі тәртіп ережелерін қатал орындауға; - мемлекеттік мекеменің оқу және басқа мүліктеріне ұқыпты қарауға; - мемлекеттік мекеменің намысын қорғауға, оны өзінің оқудағы, сайыстардағы, олимпиадалардағы, еңбек пен спорттағы табыстарымен көбейтуге. 8.2. Мемлекеттік мекеменің оқушылары құқылы: - ғылым негіздерін сапалы оқуға, медициналық көмек алуға, сақтауға, оқу мен еңбектің психологиялық және санитарлық – тұрмыстық жайлы жағдайына; - демалысқа, соның ішінде жексенбі және демалыс күндерін ұйымдастыруға; - басқа мектепке, параллель сыныпқа бос орындардың болуына қарай әкімшіліктің келісімімен кез келген уақытта ауысуға; - мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен тең құрметке және ар-намысын, рухани өмірінің тәуелсіздігін қорғауға; - өз қалауы бойынша кез келген заң рұқсат еткен қоғамдық саяси,ұйымдарға және қозғалыстарға кіру не кірмеуге, оқушылар ұйымының өзін-өзі басқару органына сайлауға және сайлнуға; - жазба және бақылау жұмыстарымен, сынақтарды, білім бақылауларының көлемі мен мерзімі туралы уқытында (5 күннен кем емес) хабардар етуге; - егер олардың қызметі Мемлекеттік мекеменің жарғысына, қолданыс заңдылығына қайшы келмеген жағдайда, клуб, секция, студия және тағы басқа да дербес бірлестіктерді құруға. 8.3. Ата-аналар міндеті: - балалардың бойындағы жоғары адамгершілік қасиеттерді және мұрат тұта білуді тәрбиелеуге; - өз тәртіптерімен оң үлгі көрсетуге; - баланың оқу күнін ұйымдастыруды бақылау және көмек керсетуді жүзеге асыруға; - мемлекеттік мекемелерде білім алу үшін балаларды қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар үй тапсырмасын орындауға жағдай жасауға; - мұғалімдеріне, оқушыларға, жолдастарына сыпайы құрметпен қарауға; - ата-аналар жиналысына қатысуға, мемлекеттік мекемеге мұғалімдердің немесе мектеп басшыларының өтініші бойынша өздеріне ыңғайлы уақытта келуге ; - сыныптан тыс іс-шаралар өткізуде сынып жетекшісіне көмектесуге; - балалардың денсаулығын сақтауға, баланың жұқпалы аурумен ауыратынын мемлекеттік мекемеге хабарлауға. Науқас баланы сабаққа жібермей, дәрігер шақыртуға. Бала сабаққа қатыспағаны үшін дәрігерлік анықтама көрсетуге. 8.4. Ата-аналар құқылы: - балалар айналысатын бағдарламаны білуге, оны өзгерту және жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдіруге; - мемлекеттік мекеменің әкімшілігімен бірге мектеп ісін шешуге ат салысуға; - мұғаліммен келіспеген жағдайда, кикілжінді шешу үшін әкімшілікке айтуға; - мұғаліммен келісе отырып, сабаққа отыруға. 9. Оқушыларды шығару, оқу процесінің аяқталуы 9.1. Мемлекеттік мекемеден шығару «Жалпы білім беретін мектептерде балалар мен жасөспірімедердің есебін және оқушылардың қозғалысын жүргізу тәртібі туралы» ережесіне сәйкес ата-аналарға немесе оларды алмастырған тұлғалардың өтінішінің негізінде жүзеге асырылады. 9.2. Оқу, еңбек және қоғамдық пәндердің нормаларын жүйелі түрде орындамайтын, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің талаптарына бағынбайтын оқушыларға, егер оқушының тәртібі мектептің және қоғамдық тәртіптің нормаларына қайшы келсе, тәртіптік шаралармен қатар мектептен шығаруға дейінгі санкциялар қолданылады ( білім беру басқармасы органдарының шешімі бойынша). 10. Мүліктер мен қорлар 10.1. Мемлекеттік мекеменің мүлігі мемлекет берген мүліктің есебі арқылы құрылады және айналым қаражатымен негізгі қорлардан және мемлекеттік мекеменің балансының құны қөрсетілген мүліктен тұрады. 10.2. Мемлекеттік мекеме мүліктерінің иелігіне, жедел басқарма құқығы және мемлекеттік меншіктену жатады. 10.3. Мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады, егер басқалары заңдылық актілерімен бекітілмеген болса. 10.4. Мемлекеттік мекеменің материалдық-техникалық базасын дамыту мен құру жергілікті және республиканың қаржы есебінен басқа түскен қаржыдан «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітіледі. 10.5. Есіл ауданы әкімінің келісімінсіз мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүліктен бас тартуға құқықсыз. 11. Мемлекеттік мекемені басқару. Мемлекеттік мекеме басқарушысының жауапкершілігі. 11.1. Мемлекеттік мекемені басқаратын жалпы мемлекеттік басқару органы- «Солтустік Қазақстан облысы Есіл ауданының Білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесі. 11.2. Мемлекеттік басқару органы бекітілген заң тәртібі бойынша келесі қызметтерде жүзеге асырады: - мемлекеттік мекеменің қызметтерін бекітеді; -мемлекеттік мекеменің өзін-өзі қамтамасыз етуіне сметаны (шығын жоспарын) бекітеді; - құрылтайшыға берілген мүлікті сақтауды және тиімді пайдалануды бақылап, жүзеге асырады; -мемлекеттік мекемені басқару және тәртібінің құрылымын анықтайды, мемлекеттік мекеме шешімдерінің тәртібін қабылдайды; - мемлекеттік мекеме бастығының міндеттері мен жауапкершілігі оның құқығын анықтайды, өз қызметінен босатуға негіз болады; - мемлекеттік мекеменің штат санын және құрылымын бекітеді; - жылдық қаржы есебін бекітеді; - заңды тұрғыдан басқа да қызмет міндеттерін жүзеге асырады. 11.3. Кейбір жағдайларды ескере отырып мемлекеттік мекеме бастығы мемлекеттік басқару органының лауазымын босатуда, тағайындауда, заңнамаға сүйенеді; 11.4. Мемлекеттік мекеме басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын басқарады және ұйымдастырады, мемлекеттік басқару органына тікелей бағынады және заңды тұрғыдан кейбір жағдайларды ескере отырып, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына тікелей жауапты, олардың қызмет міндеттерінің орындалуын қадағалайды. 11.5. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасының Заңды Жарғысына сәйкес мемлекеттік мекемеге байланысты сұрақтарды өз қалауы бойынша жеке шешеді. 11.6. Мемлекеттік мекеме басшысы занды тұрғыда мемлекеттік мекеменің жұмысын жүзеге асырады: - сенімхатсыз мемлекеттік мекеменің атынан қызмет етеді ; - барлық ұйым мен мемлекеттік мекемелердің алдында өз мәселесін ұсына алады; - келісім шарттарды бекіте алады; - сенімхаттар бере алады; - мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің іс сапарлары, біліктілігін дамыту институттарында қазақстандық және де шетелдік оқу орталықтарындағы оқу жоспары мен тәрібі бекітіледі; - банктік есеп-шотын ашады; - барлық қызметкерлерге бұйрықтар мен нұсқаулар береді ; - мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдай алады да жұмыстан босата алады; - мемлекеттік мекеме қызметкерлерін мадақтай алады және тәртіп бұзушылыққа тыйым салады; - мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің және орынбасарының міндеттерін тағайындайды; - мемлекеттік басқару органының және өзіне жүктелген заңды жарғы бойынша басқа қызмет міндеттерін жүзеге асырады. 11.7. Мемлекеттік мекеме басшысы заңды тұрғыда бекітілген тәртіпке жауапты: - мемлекеттік мекеме қызметкерлері, окушылардың құқығының бұзылмауын және еркіндігін бақылайды; -тікелей өзіне байланысты қызмет міндеттерінің орындалмауын қадағалайды; - мемлекеттік жалпы білім беру стандартын орындамаған кезде жауапты; - мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына оқу тәрбие жүйесінің әскер етуіне жауапты; - шаруашылық – қаржы қызметінің нақты қаржыларының жұмсалуына жауапты; - нормативтік – құқықтық актілердегі қаралған басқа кемшіліктерге жауапты. 12. Мемлекеттік мекеме жұмысшыларының құқығы мен міндеттері 12.1. Мемлекеттік мекеме жұмысшыларының құқығы мен міндеттері ішкі тәртіп ережелерімен, нұсқаулармен және жарғымен анықталады. 12.2. Педагогикалық жұмысшылар деп, педагогикалық қызметті жүзеге асырушы тұлғаларды айтады. Педагогикалық жұмысшылар лауазымының тізіміне теңелетін тұлғаларды Қазақстан Республикасының үкіметі анықтайды. 12.3. Мемлекеттік мекемелердің педагогикалық жұмысшыларының құқығы: - кәсіптік қызметтерін жүзеге асыру жағдайымен қамтамасыз етілуге; - мемлекеттік жалпы білім беру стандартын сақтауға, педагогикалық қызметтерді ұйымдастыру мен әдістерін таңдауға; - педагогикалық практикада ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы еркін болуға және олардың нәтижелері педагогикалық практикада қолданылуға; - білім беру басқарма органдарының жұмыстарына қатысуға; - ұйымдастырушы қаржы есебімен 5 жылда 1 рет ұзақтығы 4 айдан аспайтын жұмыстан тыс өз біліктілігін көтеруге; - қызметтік өсуде, дәрежені көтеру мақсатында жедел сыннан өтуге; - ақылы демалыс ұзақтығы – 56 күнтізбелік күн; - жеке педагогикалық қызметке ; - өзінің кәсіптік намысын және беделін қорғауға; - мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің білімдік және экономикалық қызметінің негізі материалдық және құқықтылық меншікпен қатар қорғаныста; -мемлекеттік мекеме әкімшілігінің өкілі мен бұйрықтарына қайта қарауға ; -педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін материалды және имандылық жағынан орден және медальмен, мақтау қағаздарымен марапаттауға; 12.4. Педагогикалық қызметкерлердің міндеттері: - жалпы білім беру стандартына сәйкес, оқушылардың білімін, біліктілігін, дағдысын қамтамасыз ету; - оқушылардың жеке және шығармашылық міндеттерін дамытуға әсер ету және жәрдем беру; - өз біліктілігін жетілдіру; - педагогикалық этика нормасын сақтау ; - оқушылардың беделін сыйлау ; - салауатты өмір салты туралы оқушылардың арасында насихат жүргізу . 13. Мемлекеттік мекеме жұмысшыларының еңбек ақы жүйелері. Штатты толықтыру тәртібі. 13.1. Мемлекеттік мекеме жұмысшыларының еңбек ақы жүйесі Қазақстан Республикасының заңдылығымен құрылған тәртіппен анықталады. Мемлекеттік мекеме жұмысшыларының еңбек ақылары туралы ахуалын, бюджеттен алынатын қаржы есептерін орталық білім атқару комитеті және еңбек орталық атқару комитеті бекітеді. 13.2. Мемлекеттік мекеме жұмысшыларының еңбек ақылары, олардың біліктіліктері мен міндеттеріне сәйкес тағайындалады. 13.3. Мемлекеттік мекеменің педагогикалық қызметкерлері үшін нормативті оқу сағат саны аптасына: - мектепке дейінгі сатылары үшін – 24 сағат - бастауыш сатылары үшін – 20 сағат 13.4. Мемлекеттік мекеме жұмысшыларына: ауылдық жерлерде – апатты жерлерде тұратындарға, сынып жетекшілік жұмыстарына, дәптер тексеру жұмыстарына, жазбаша жұмыстарына, кабинет меңгеру жұмыстарына, тереңдетіп оқыту жұмыстарына және басқа төлемдер Қазақстан Республикасы үкіметімен қаралып, үстем ақы төленеді. 13.5. Мемлекеттік басқару органымен бекітілген құрылымына сәйкес, жұмысшылардың штатын толықтыру тәртібі жүзеге асырылады 14. Құрылтайшының құзыреті. 14.1. Құрылтайшы: - мемлекеттік мекемені құру, оның қызметтік мақсатын анықтау туралы мәселелерді шешеді, мемлекеттік мекеменің заңдылық тағдырын анықтау құқығына ие бола алады. - мемлекеттік мекемеге түскен мүлікті қолдануға және олардың сақталуына бақылау жасайды. 15. Кәсіпкерлік қызметі болуы мен түрлері. 15.1. «Есіл ауданының Совет бастауыш мектебі» ММ кәсіпкерлік қызметпен айналыспайды. 16. Қорытынды ержелері. 16.1. Мемлекеттік мекеменінің қызметін тоқтату және қайта құру, Қазақстан Республикасының заңдар жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. 16.2. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандырудан таратылып жатқан мемлекеттік мекемелердің мүлігі құрылтайшы органмен үлестіріледі. 16.3. Мемлекеттік мекеме филиалдар мен өкілдіктерді ұйымдастырмайды. 16.4. Жарлыққа өзгерістер мен толықтырылады мемлекеттік басқару органының шешімдері бойынша енгізіледі және тіркеу органында тіркелуге тиісті.


Байланыстар

Мекен-жайы: Есіл аудыны, Советское селосі ,Ворошилова көшесі,1
Тел.: 8(71543) 5-12-84
Пошта: sovetshkola255@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2024 Мектеп v1.0

Ақпарат:

Email: xxx@mail.ru
Тел: 8 (xxxx) xx-xx-xx